

«Ә.МАРҒҰЛАН АТЫНДАҒЫ ПАВЛОДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ-ның
60 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН
IT JUNIOR ХАКАТОНЫН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ
ЕРЕЖЕСІ
Ережесі
1. Жалпы ережелер
1.1. Павлодар облысының мектеп оқушылары мен лицейлері, колледждері мен жоғары оқу орындары студенттерінің арасында өткізілетін Хакатонның мақсаты мен міндеттерін, сондай-ақ өткізу тәртібі мен мерзімін, қатысушылардың санаттарын, Хакатонға қатысудың шарттары мен негізгі критерийлерін анықтайды.
1.2 Хакатон өткізу мерзімі: 9-12 желтоқсан 2022 жыл.
1.3. Өткізілетін орны – «Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті» КЕАҚ, 5 корпус (Торайғыров к-сі, 58).
1.4. Хакатон іс-шаралары үш кезеңде жүзеге асырылады: бастапқы, аралық және қорытынды.
1.5. Қатысуға жасы 22 жастан аспайтын Павлодар облысының мектептері мен лицейлерінің оқушылары, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері (бакалавриат, күндізгі оқу нысаны) команда құрамы бір-төрт қатысушыдан тұратын командалар жіберіледі.
1.6. Сұрау бойынша Хакатон қатысушыларына Хакатонға қатысуын растайтын құжат/анықтама беріледі.
2. Хакатонның мақсаттары мен міндеттері
2.1 Хакатон жастардың бағдарламалық өнімдерді әзірлеуге қызығушылығы мен ынтасын арттыру, идеяны прототипке дейін жеткізу дағдыларын дамыту және кәсіпкерлік дағдыларды қалыптастыру мақсатында өткізіледі.
2.2. Хакатонның негізгі міндеттеріне жатады:
бағдарламалық өнімдер мен жобаларды әзірлеуге қызығушылықты дамыту;
талантты жастарды іздеу және қолдау;
IT кәсіпкерлердің тәжірибесін тарату;
облыстың IT қауымдастығымен байланыс орнату;
Павлодар облысының IT экожүйесіне жас ұрпақты тарту;
жобаны одан әрі іске асыру.
2.3. Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) Қатысушы – азаматтығы бар және Павлодар облысының резиденті болып табылатын, мектептер мен лицейлерде, колледждер мен жоғары оқу орындарында (бакалавр, күндізгі оқу нысаны) оқитын, өз атынан әрекет ететін және Хакатонға қатысу ережесінің 6-бөлімінің ережелеріне сәйкес тіркелген жеке тұлға.
Хакатонға қатысу үшін әрбір қатысушы бірден көп емес команданың мүшесі бола алады. Сайыстың нәтижесін қазылар алқасы бағалайды.
2) Команда – тіркеу кезінде де, сайтта да Конкурстық тапсырманы орындау үшін біріккен қатысушылар тобы.
Әрбір Қатысушы тек бір команданың мүшесі бола алады.
Бір Командадағы Қатысушылар саны шектеулі - бір командада кемінде бір және 4-тен көп емес Қатысушы болуы тиіс.
3) Команда көшбасшысы – Команданың таңдауы бойынша Команда мүшелерінің бірі (сайлау барлық команда мүшелерінің қолдары қойылып жазбаша түрде жүргізіледі, онда Көшбасшы мен команда мүшелерін сәйкестендіретін төлқұжат және/немесе басқа да деректер көрсетіледі), ол, егер Команда Хакатон жеңімпазы деп танылған жағдайда Жүлдемен марапатталады.
4) Жеңімпаздар – қазылар алқасының бағалауы бойынша нәтижелері үздік деп танылған командалар.
5) Жоба (Нәтиже) – бағдарламалық өнім – мобильді қосымша, веб-сервис, мобильді қосымшаның немесе веб-сервистің прототипі, өзінің жеке күйінің немесе қоршаған ортаның жай-күйінің параметрлерін өлшей алатын, осы ақпаратты цифрлық кеңістікте пайдалануға және жіберуге мүмкіндігі бар енгізілген технологияны қамтитын физикалық нысандар.
6) Хакатон сайты – http://hackathon.ppu.edu.kz/
3. Хакатон ұйымдастырушылары
3.1. Хакатонның ұйымдастырушысы "Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті" КЕАҚ болып табылады
3.2. Ұйымдастыру комитеті Хакатонды дайындау мен өткізуге жалпы басшылықты жүзеге асырады.
4. Хакатонды өткізу шарттары
4.1. Хакатонның бірінші кезеңіне қатысуға белгіленген мерзімде бастапқы тіркеуден өткен Қатысушылар мен Командалар жіберіледі. Хакатонға қатысуға өтінімді дұрыс толтырып берген тұлға Хакатонға қатысушы болып танылады.
4.2. Хакатонның екінші кезеңіне қатысуға Хакатонның кестесіне сәйкес белгіленген уақытта физикалық түрде келген Қатысушылар мен Командалар жіберіледі. Екінші кезеңді өткізу кезінде Командаларға кірмейтін Қатысушылардан 1-ден 4 адамға дейінгі топтар құрылады, олар әрі қарай бір Команда ретінде тіркеледі
4.3. Үшінші кезеңге қатысуға екінші кезеңнің қорытындысы бойынша алдын ала іріктеуден өткен Командалар ғана жіберіледі. Екінші кезеңнің қорытындыларын Ұйымдастыру комитеті Қорытындылар хаттамасында ресімдейді. Шешім Ұйымдастыру комитеті мүшелерінің қарапайым көпшілігімен қабылданады. Қорытындылар хаттамасына Ұйымдастыру комитетінің барлық қатысушылары қол қояды.
Егер прототиптің өзгеруі Хакатонның үшінші кезеңі аяқталғаннан кейін белгіленген уақыттан кейін жүргізілсе, Команда бағалауға жіберілмейді.
4.4. Төртінші кезеңге қатысуға тек осы кезеңде физикалық түрде қатысатын Команда ғана жіберіледі (Командадан кемінде 1 қатысушы).
4.5. Хакатонның әр командасының міндеті – прототипті әзірлеу. Әрбір әзірленген прототип осы Ереженің 6-бөлімінде көрсетілген критерийлерге сай болуы тиіс.
4.6. Хакатон басталғанға дейін (2022 жылғы 9 желтоқсанға дейін) кез келген нысанда және көлемде Прототип жасаған топ Хакатонға қатысуға рұқсат етілмейді. Ұйымдастыру комитеті мен Қазылар алқасында Прототипті әзірлеу кезеңіне қатысты күмән туындаған жағдайда, Қазылар алқасы Прототипті бағалау рәсіміне жіберуге бас тартуға құқылы.
5. Хакатонды өткізу кезеңдері
5.1 Хакатон төрт кезеңнен өтеді:
1) Бірінші "өтінімдерді қабылдау" кезеңі 21.11.2022 ж. (21:00) бастап 07.12.2022 ж. (23:00) дейін өтеді.
Хакатонның бірінші кезеңіне қатысу үшін әрбір Команда және Командаға қосылмаған Қатысушы Хакатонның бірінші кезеңін өткізу мерзімі ішінде Хакатонның сайтында өтінімнің электрондық нысанын толтыруы қажет. Өтінімнің электрондық нысанын толтыру кезінде қатысушыға мынадай мәліметтерді көрсету қажет:
- Тегі;
- Аты;
- Әкесінің аты (бар болса);
- Жасы;
- Электрондық пошта мекенжайы (e-mail);
- Ұялы телефон нөмірі (ватсап);
- Жеке басын куәландыратын құжат (жеке куәлік);
- Оқу орнын растайтын құжат (оқу орнынан анықтама, студенттік билет);
- Хакатонға қатысу туралы анықтама алу қажеттілігі туралы белгі.
Прототипті әзірлеу идеялары Хакатонның сайтында, тіркеу бөлімінде орналастырылады. Егер Қатысушы өтінімнің электрондық нысанының өрістерін толтырса, осы Ереженің және жеке деректерді өңдеу шарттарымен келісіп тіркеуді растау батырмасын басса, Хакатонға қатысу ретінде тіркелген болып есептеледі. Әрі қарай, Қатысушы электрондық поштаға "қатысушы" мәртебесін растайтын хат алады.
Қатысушылардың дербес деректерін өңдеуді және сақтауды Хакатонды Ұйымдастыру комитеті орындайды.
2) Екінші кезең. "Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті" КЕАҚ-да (5-корпус Торайғыров көшесі, 58) 9.12.2022 ж. сағат 11:00-ден 14:00-ге дейін қатысушылар мен қонақтар үшін ұйымдастырушылық іс-шаралар және IT-кәсіпкер Фоменко Евгенийдің дәрісі өтеді.
3) Үшінші кезең. "Прототипті алдын ала таныстыру" 10.12.2022 ж .онлайн-форматында сағат 10:00-ден 13.00-ге дейін өтеді. Топ жетекшісіне zoom сілтемесі беріледі, содан кейін ол және команда өз презентациясын көрсету үшін кезек тәртібімен шақырылады. Әр команда үшін көрсету уақыты - 3 минут.
10.12.2022 ж. сағат 14:00-ден 16:00-ге дейін Хакатонның парақшасында, университет сайтында және Инстаграм және фейсбук әлеуметтік желілерінде алдын ала іріктеу қорытындысы бойынша үшінші кезеңге өткен Командалардың тізімдері жарияланады.
4) Төртінші "Прототипті әзірлеу" кезеңі 10.12.2022 ж. (16:00) бастап 12.12.2022 ж. (10:00) аралығында өтеді. Әзірлеуді 12.12.2022 ж. сағат 10:00-ден кейін аяқтаған Команда Хакатон шарттарын бұзғаны үшін шеттетіледі (4.3-тармақты қараңыз).
Прототиптер бастапқы кодпен сыртқы тасымалдағышта немесе бұлт сілтемесі арқылы және github сияқты басқа да ұқсас сервистер арқылы қабылданады. Бұлтқа және басқа мәліметтерге сілтеме Ұйымдастыру комитетінің электрондық поштасына жіберілуі керек hackathon@students.ppu.edu.kz.
5) Бесінші кезең. "Прототипті көрсету" Торайғыров көшесі 58 мекенжайында орналасқан "Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті" КЕАҚ-да өткізіледі, 5 корпус, акт залы.
Қазылар алқасы Командалардың жұмысын бағалайды. Барлық прототиптер көрсетілгеннен кейін 2 сағат ішінде 5-кезеңге қатысатын барлық Прототиптерге осы Ережеде көрсетілген Хакатонды өткізу шарттары талабының сақталуына тексеру жүргізіледі.
6. Хакатон нәтижелерін бағалау тәртібі мен критерийлері
6.1. Хакатонның қорытындысын Қазылар алқасы Прототиптерді бағалау негізінде шығарады.
6.2. Қазылар алқасы осы Ереженің 6-бөлімінің 3-тармағында көрсетілген критерийлерге сәйкес Прототиптерді бағалауды жүргізеді. Қазылар алқасы жобаларды өз қалауы бойынша бағалауды жүзеге асырады және іс-шараға қатысушылар Қазылар алқасының шешіміне күмән келтірмейді, сонымен қатар Ұйымдастырушы іс-шара Қатысушыларына жекелеген Қатысушыларды/Командаларды жеңімпаз деп тануға және мойындамауына байланысты, оның ішінде белгіленген санаттарға Прототиптердің сәйкес келмейіне байланысты кез келген шығындарды өтемейді.
6.3. Прототип келесі талаптарды қанағаттандыруы керек:
1) Толығымен және барлығы Хакатонда жасалуы және бұрыннан бар бағдарламалық өнімнің жалғасы болмауы.
2) Хакатон тапсырмаларының мәлімделген шарттарын орындауға міндетті.
3) Қазылар алқасы мынадай критериилер жиынтығы бойынша прототипті 10 балдық шкала бойынша бағалауды жүргізеді:
- Іске асыру (макет, интерфейс, функционалдылық, жұмыс істейтін қызмет / веб-қосымша және т.б.);
- Фото, схема, сызба және т.б. түріндегі презентация материалдарын қоса алғанда, жобаның (презентацияның) безендіру сапасы;
- Тәсілдер мен табылған шешімдердің өзіндік ерекшелігі;
- Жобаның әлеуеті.
6.4. Идеяны жүзеге асыруды Команда өкілдерінің бірі қорғайды. Презентацияны қорғау және дайын Прототипті көрсету регламенті 3-5 минут.
7. Жүлде қоры және жүлделерді төлеу тәртібі
7.1. Хакатонның жеңімпазын Қазылар алқасы 12.12.2022 ж. анықтайды және Хакатонның веб-сайтында және университеттің аккаунтында мәтіндік хабарландыру орналастыру арқылы, сондай-ақ жеңімпазға электрондық пошта арқылы жеке хабарлама жіберу арқылы жарияланады. Сертификат және ақшалай түріндегі сыйлықтарды табыстау 12.12.2022 ж. Хакатонның соңғы рәсімінде және Жеңімпаздарды жариялау кезінде беріледі.
7.2. Хакатонның жүлде қоры ақшалай түрде 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгені құрайды.
7.3. Қазылар алқасының бағалау нәтижелері бойынша бірінші, екінші және үшінші орын алған жеңімпаздар келесі жүлделерді алады:
- бірінші орын - 1 000 000 теңге;
- екінші орын - 300 000 теңге;
- үшінші орын - 200 000 теңге;
- қосымша номинациялар Хакатонда жарияланады.
7.4. Қазылар алқасы мен Ұйымдастыру комитеті Хакатон жеңімпаздарына жүлделерді 12.12.2022 ж. финал кезінде қол қою арқылы береді.
8. Қорытындылау
8.1. Хакатонның қорытындысын Қазылар алқасы мен Ұйымдастыру комитеті шығарады, хаттамамен ресімделеді;
8.2. Конкурсқа қатысушыларға сертификаттар табысталады;
8.3. Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен немесе бағалы сыйлықтармен марапатталады. Жүлде Команда көшбасшысына жеке куәлігін көрсету арқылы беріледі.
Состав оргкомитета хакатона «IT Junior»
Председатель оргкомитета
1 Фоменко Евгений Евгеньевич IT-предприниматель
Члены оргкомитета
2 Асаинова Алмагуль Жаяковна Директор центра педагогических исследований
3 Рахимбаев Марат Махтымкулыевич Директор центра цифровизации
4 Поляков Александр Программист центра цифровизации
5 Ельтинова Раушан Аманжоловна Руководитель ОП Информатика
6 Абыкенова Дария Болатовна Ассоциированный профессор ВШЕ
7 Мухамедиева Кымбатша Мауленовна Доцент ВШЕ
8 Нургазинова Гульбаршын Шарапиденовна Преподаватель-эксперт ВШЕ
9 Тайчик Жамиля Ерболатовна Преподаватель — эксперт ВШЕ
10 Сайфурова Индира Преподаватель — эксперт ВШЕ ВШЕ
11 Омар Кәрібай Преподаватель ВШЕ
12 Бақытжан Жания Даниярқызы Студент группы Инф-21с
13 Баймбет Аяжан Алмасқызы Студент группы Инф-21с